Өңірлер

Экологтар Ертіс өзеніндегі сынапқа қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЕртіс өзені, архивтегі сурет
Ертіс өзені, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Су сынамасының нәтижесі бойынша өзен суында зиянды металдың шекті концентрациясы жоғары емес екені дәлелденді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Павлодарлық экологтар судағы сынап жайлы қауесеттен кейін Ертіс өзенінде сынақ жүргізді. Ресеймен шекарадағы су сынамалары сынаптың шекті концентрациясы жоқ екенін көрсетті, деп хабарлады Павлодар облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Бірнеше күн бұрын "Омск-информ" Ресей ақпарат агенттігі 15 ақпанда Омбы шекарасындағы Ертіс өзенінде сынаптың шекті концентрациясы үш-төрт есе жоғары екенін хабарлады. Омбылық экологтар мен блогерлер Павлодардағы бұрынғы химия зауытынан сынап жылыстауы ықтимал екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұнда сазды саркофагта 900 тоннадан астам сынап сақтаулы тұр.

Қазір Омбы мамандары да сынаптың қай жақтан таралғанын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Алайда, әзірше сынаптың өзенде қайдан пайда болғанына қатысты нақты жауап жоқ.

Сонымен қатар, Қазақстанда экология департаментінің мобильді тобы Павлодар облысындағы "Қазгидромет" РМК филиалымен бірлесіп, су сынамаларын алды. Сынап концентрациясын анықтау үшін сынамалар Ресейдің Железинск ауданындағы Прииртышское аулы мен Павлодар ауданындағы Мичурино аймағына жақын өзен сағасынан алынды.

"Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша, су сынамалары алынған екі нүкте бойынша Ертіс өзеніндегі сынап көлемі белгіленген нормадан айтарлықтай төмен екенін көрсетті", – деп хабарлады ведомствода.

Павлодар облысының экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов бұл жағдай бақылауда деп сендірді. Мұндай пікірді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және табиғи ресурстар басқармасы да растады.

Өзен суының ластану деңгейі қалай бағаланды

Облыстық басқармадағылар зақымдалуы ықтимал аймақтардағы жағдайды бақылауда ұстау мақсатында "Қазгидромет" РМК 2005 жылдан бері тоғыз су торабында жыл сайын гидрохимиялық сынап мониторингін жүргізетінін айтты. Осы уақыт ішінде Ертіс өзенінде сынап нормасының жоғары болуы тіркелмеген. Ертіс суы "ластанудың бірқалыпты деңгейі" ретінде бағаланады.

Оқи отырыңыз: Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріле ме: экологтар талабына министр жауап берді

Атап өтсек, Ертіс пен Омбы облысының басқа су айдындарында нормадан асатын сынап концентрациясы сирек кездеседі. Оның нормадан жоғары болуы соңғы екі жылда бір-ақ рет, яғни 2020 жылдың қаңтарында тіркелді.

Жаңалықтар
0