Өңірлер

СҚО-да ауылда есірткі зертханасын ашқан отбасы ұсталды

© Photo : Pixabay / Mabel AmberҒашықтар, архивтегі сурет
Ғашықтар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Қылмыстық топ есірткі зертханасында синтетикалық "тұз" өндіру үшін  барлық жағдайды жасаған, бөлмеден колбалар, қорғаныш костюмдері, респираторлар табылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі дайындап, сатумен айналысқан отбасы ұсталды.

Есірткі Петропавлда сатылған, ал зертхананың өзі қаладан 120 шақырым жердегі ауылда орналасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жедел іздестіру шаралары барысында есірткінің Петропавлда сатылғаны анықталды. Ал есірткі препараттарын өндіретін орын-жай қаладан 120 шақырым жерде – Жамбыл ауданына қарасты ауылдардың бірінде орналасқан", - деді полицейлер.

Есірткі зертханасында синтетикалық "тұзды" өндіруге барлық жағдай жасалған: желдетілетін бөлме, колбалар, өлшегіш ыдыстар, қорғаныш костюмдері мен респираторлар.

Құқыққорғаушылардың ақпаратынша, криминалды бизнеспен отбасы мен олардың жақын туыстары айналысқан.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғынынан 40 миллион теңгенің тауары тәркіленді – видео

"Күдіктілерді ұстау және тінту барысында 55 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Есірткі дозаларын буып-түйіп, сатуға дайындап қойған", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Сонымен қатар, қаптама материалы, ұялы телефондар, таразы, дәптер және тағы басқалары тәркіленді.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткіге ұқсайтын 700 грамм ұнтақ тәрізді зат табылды. Барлық тәркіленген зат сот-химиялық зерттеуге жіберілді.

Қазір бұл факті Қылмыстық кодекстің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

Төрт фигурант – екі ер адам және екі әйел қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0