11:52 10 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3256 0 0

Рашид Аюпов халық арасында тарап кеткен ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды

АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде Түркістан қаласында жердің тегін беріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада жер алу үшін халықтық кеңсеге бару қажет екені айтылған.

Қала әкімі Рашид Аюпов бұл ақпаратты жоққа шығарып, қалада инфрақұрылым аяқталмай жердің берілмейтінін айтты. Әкім мәлімдемесін қала әкімдігінің баспасөз хатшысы жариялады.

"Түркістан қаласында кеңсеге барып, арыз жазсаң, жер тегін беріледі екен деген ақпарат тарап жатыр. Бүгін таңертеңнен бастап жалғыз Түркістан қаласының азаматтары ғана емес, көрші қала, ауылдан жүздеген адам келіп, кезекте тұрып, арыз қалдырып жатыр. Біріншіден, бұл – алаяқтық, өтірік ақпарат. Ешқандай жер тарату, жер беру болып жатқан жоқ", - деді Аюпов мәлімдемесінде.

Айтуынша, жиналғандар арасында халықты ақымақ қылып жатыр деген де пікір айтылып жатыр.

"Олай емес. Алаяқтар өздері осындай ақпарат таратып жатыр. Ол шындыққа жатпайды. Қазір 25 мыңнан астам тұрғын кезекте тұр. Инфрақұрылымның бәрін жүргізіп бітпей, жер бермейміз. Жер берілмейді. Берілген күнде де тек қана кезекпен алады. Бізде қазір инфрақұрылымы дайын жер жоқ", - деді қала әкімі.

Түркістан әкімі жер берілуі үшін инфрақұрылым дайын болуына баса назар аударды. Сондай-ақ, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Кілт сөздер:
видео, әкім, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып