Өңірлер

Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Демеушілер қаражатына пәтер сатып алынды. Ал жергілікті кәсіпкерлер жиһаз бен тұрмыстық техника алуға көмектесті

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңір әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетілуде. Өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасыға қаржылай, медициналық және психологиялық көмек ұсынылды.

© Photo : МЧС РКТрагедия 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында болды
Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Трагедия 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында болды

Жерлеу рәсімін әкімдік өтеді. Демеушілер қаражатына үш бөлмелі пәтер сатып алынды. Ал жергілікті кәсіпкерлер жиһаз бен тұрмыстық техника алуға қол ұшын созды.

Бұдан бөлек, қоғамдық ұйымдар мен демеушілер 3 миллион теңгеден астам қаражат жинағаны айтылып отыр.

Мемлекеттік орган қызметкерлері қаржылай көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.

Жаңатастағы трагедия

Трагедия 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында болды. Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. 2 ұл мен 3 қыз газдан уланып көз жұмды.

Өрт шыққан кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. Әкесі жұмыста болған.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғанын жеткізді.

Жаңалықтар
0