Өңірлер

Полиция автокөлігін күлкі қылғандардың видеосы таралып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Тараған видеоға қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде видеоның өңделгені, дыбысты полицияның емес, видеоны түсіріп отырған адамның қосқаны анықталды

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде полицейлердің қызметтік автокөлігіне қатысты челлендж-видео тарады. Ролик құқық қорғаушылар машинасының соңында келе жатқан көліктің ішінде түсірілген. Оған полицияның дабылы қосылады.

Желіде тараған видеода екі локация бар: бірі – түнгі уақытта қала ішінде, екіншісі көлік аз жүретін жолда түсірілген. Ол жерде полиция арнайы дабылды бірнеше рет қосады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Құқық қорғаушылар бұл видеоны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараған видеоға қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде видеоның өңделгені, дыбысты полицияның емес, видеоны түсіріп отырған адамның қосқаны анықталды.

"Тексеру нәтижесінде желі қолданушылары арасында челлендж секілді таралып жатқан видеодағы полиция дабылының дауысы өңдеу арқылы қойылғаны анықталды", - делінген ақпаратта.

Полиция дабылдың шынайы емес екенін айтты. Сондай-ақ, азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Жаңалықтар
0