23:47 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
296 0 0

Жарылыстан кейін көпбейінді қалалық ауруханаға 12 адам жеткізілді, оның ішінде 24 жастағы ер адам алған жарақаты мен күйіктен қайтыс болды

ПЕТРОПАВЛ, 22 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Петропавлда газдың жарылуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыстан кейін көпбейінді қалалық ауруханаға 12 адам жеткізілді, оның ішінде 24 жастағы ер адам алған жарақаты мен күйіктен қайтыс болды.

"Шамамен 20 жастағы әйел өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Алты адам көрсетілген көмектен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Қалған науқастар ауруханада ем қабылдап жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 10 жастағы бала жеткізілді. Оның денсаулығы орташа деп бағаланды.

"1997 жылғы екі ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Полицейлер аумақты қоршауға алды: Петропавлда газ жарылып, 2 адам көз жұмды

Айта кетейік, 21 ақпанда сағат 16.00 шамасында Интернациональная, 21 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде (жатақхана) газ баллоны жарылып, өрт шықты.

Төтенше жағдайды жоюға 83 адам мен 21 техника жұмылдырылды.

ТЖ салдарынан 14 адам жарақат алып, екі адам қайтыс болды.

Кілт сөздер:
газ, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып