Өңірлер

Батыс Қазақстанда екі ер адам сатушының аяқ-қолын байлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері екі ер адам күдікке ілінгенін хабарлады. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, түрмеге жабылады

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында азық-түлік дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.

Оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлады Орал полиция басқармасының бастығы Марлан Айкенов.

"Таңғы сағат 9:15-те екі адам "Транзит" дүкеніне кіріп, сатушыны байлап тастап, ақшаны алып кеткен. Сыртқы келбеті азиялық екі жігіт күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп "Мой город" басылымы басқарма басшысының сөзінен үзінді келтірді.

Оқи отырыңыз: Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео 

Бұл бап бойынша қылмыскерлер үш жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазір тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап жатыр.    

Жаңалықтар
0