Өңірлер

Бағасы 124 миллион теңге: полицейлер су шашатын көлікті сатып алу себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция көлігі, иллюстративті фото
Полиция көлігі, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
Көпшілікті су шашып таратуға арналған көлік осы кезге дейін қолданыста болғанымен, ол гаражда тұрып немесе оқу-жаттығу алаңдарында ғана жүріп ескірген

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі су атқылау құрылғыларымен жабдықталған автокөліктің не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды жергілікті Petropavlovsk.news сайты.

Бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдарында аталған мекеменің арнайы құрылғылармен жабдықталған техниканы сатып алу үшін құны 124 миллион теңгені құрайтын автокөлік сатып алуға арнайы лот жарияланған.

Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл өңірде қажеттілік туындаған алғашқы көлік емес. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес, 2005 жылдан бері баланста тұрған ескі машинаны есептен шығаруға тура келген.

"Бұл техниканы қолдану – полиция қызметінің дүниежүзілік тәжірибесінде бар. 15 жылдан астам уақыттан бері СҚО полиция департаментінің есебінде тұрған техникада ақау пайда болуы мен қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа көлік сатып алынуда", – делінген материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының хабарламасында.

Жергілікті басылым дегерінше, арнайы құралдармен жабдықталған көлік көпшілікті су шашып таратуға арналған. Ал осы кезге дейін қолданыста болған техника гаражда тұрып немесе оқу-жаттығу алаңдарында ғана жүріп, ескірген болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0