Өңірлер

Жетісай ауданында далаға егілген қырыққабат пісті – фото

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАграрии Туркестанской области реализовали первый урожай капусты
Аграрии Туркестанской области реализовали первый урожай капусты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Қырыққабат егумен айналысатын "Шаблан" шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол есімді шаруа 50 тонна өнім жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы Жетісай ауданының диқандары 120 тонна қырыққабатты сатып үлгерді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеті отырғызылған.

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиТүркістандық диқандар 120 тонна қырыққабат сатты
Жетісай ауданында далаға егілген қырыққабат пісті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Түркістандық диқандар 120 тонна қырыққабат сатты

Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан "Шаблан" шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол есімді шаруа 50 тонна өнім жинаған. Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға және республика аумағына жөнелткен.

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиТүркістан облысында қырыққабат пісті
Жетісай ауданында далаға егілген қырыққабат пісті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Түркістан облысында қырыққабат пісті

Одан бөлек, шаруалардың еңбегінің арқасында былтыр ауданда 65,5 миллиард теңге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, оның ішінде мал шаруашылығы - 13 миллиард 99 миллион теңге, ал өсімдік шаруашылығы - 8 миллиард, 320 миллион теңгені құраған. Тиісінше былтырғы жылмен салыстырғанда 5 миллиард теңгеге артық өндірілген.

Аталған салаға 2020 жылы 2 миллиард 600 миллион теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі екі есеге артқан. Күзгі және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 9500 тонна жанар-жағармай шаруаларға үлестірілген.

Жаңалықтар
0