Өңірлер

Танымал актер Артур Төлепов қызметке тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Артур Төлепов Алатау ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да атқаратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Артур Төлепов Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Instagram-да актердің өзі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Artur Tolepov (@arturtolepov)

"Жап-жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз", – деп жазды Төлепов.

Оқи отырыңыз: Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды 

"Adaldyq alany" – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобасы. Мақсаты – жемқорлыққа апаратын салдарды анықтау және болдырмау. Әсіресе, тұрмыстық коррупцияның алдын алу.

"Жобаның фронт-кеңселері еліміздің барлық облыс орталығы мен аудандарында бар. Соның бірінің жұмысы енді бізге жүктелді", - деп түйіндеді актер.

Жаңалықтар
0