Өңірлер

Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото

© Sputnik / Тимур БатыршинМедик в защитном костюме держит шприц и пузырек с вакциной
Медик в защитном костюме держит шприц и пузырек с вакциной  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Вакциналау қаладағы №5 емханада өтті. Тәртіп бойынша мәслихат депутаттары алдымен дәрігердің тексеруінен өтті. Екпе салдырған соң 30 минут дәрігердің бақылауында болды

АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вакциналау қаладағы №5 емханада өтті. Тәртіп бойынша мәслихат депутаттары алдымен дәрігердің тексеруінен өтті. Екпе салдырған соң 30 минут дәрігердің бақылауында болды.

Вакцина салдырған депутаттар арасында Әсия Ақанова, Ақбөпе Әбілқасымова мен Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров бар.

© Sputnik / Тимур БатыршинВакциналау Алматыдағы №5 емханада өтті
Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Вакциналау Алматыдағы №5 емханада өтті

"Дәрігер болғандықтан, коронавирустың таралуына жаппай вакцина салдыру ғана қарсы тұра алатынын түсінемін. Иммундау ауру қаупін бірнеше есе азайтады. Бүгін әріптестерімізбен бірге халықтың қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды екенін көрсеткіміз келді. Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз", - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз", - дейді Әсия Ақанова
Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
"Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз", - дейді Әсия Ақанова

Ал қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров халықтың арасында жиі жүретіндіктен вакцина салдыруды маңызды санайтынын жеткізді.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров
Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров

Айта кетейік, бірінші ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды.

Бұған дейін Алматыда қаланың бас дәрігері Нариман Табынбаев пен бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров вакцина салдырды.

2021 жылдың 10 қаңтарында Алматы мәслихатына сайлау өтті. Қала бойынша дауыс беруге келушілер 25-30%-ті құрады. Нәтижесінде Nur Otan партиясынан 29 адам, "Ақ жол" партиясынан 4 адам, "Ауыл" партиясынан және Қазақстанның халық партиясынан үш адамнан депутат болды.

Жаңалықтар
0