Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Тимур БатыршинУтренний туман
Утренний туман - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Жазылу
Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ пен бұрқасын. Жаңбыр, қар жаууы мүмкін, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Қазақстанда 15 ақпан күні тұман, көктайғақ пен боран болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ пен бұрқасын. Жаңбыр, қар жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында тұман, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Қызылорда облысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы тұман болады. Түнде шығыста бұрқасын жүреді.

Қостанай облысы тұман, көктайғақ пен бұрқасын.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды облысында тұман түседі.

15-17 ақпанда Жамбыл облысында да тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 15 ақпанда қар аралас жаңбыр болады. Күндіз 0,+2 градус, түнде 3-5 градус салқын.

Алматыда жауын-шашынсыз. Күндіз  +6..+8 °C, түнде минус 1-3 градус.

Шымкентте күндіз 18-20 градус нөлден жоғары, Түнде +5+7 °C градус.

Жаңалықтар
0