Өңірлер

184 рет жылдамдық асырған: Қостанайда ресейлік жүргізуші ұсталды

© Photo : пресс-служба ДП Костанайской областиАйып тұрағына қойылған көлік
Айып тұрағына қойылған көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Жергілікті полицейлер қаңтар айында "Автоураган" агроөнеркәсіптік кешенінде шетелдік автокөліктердің 1 667 жол ережесін бұзу фактісін тіркеген

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қостанайлық патрульдік полиция қызметкері Арман Бектұрсынов пен Әділ Жақыпов 29 жастағы Ресей азаматы тізгіндеген Ford Galaxy көлігін анықтады. Ол сегіз ай ішінде жылдамдықты нормадан тыс 184 рет асырып жібергені белгілі болды.

"Бұл көлік 2020 жылдың 20 маусымынан бастап 2021 жылдың 10 ақпаны аралығында жылдамдық асыруды автоматты тіркеу құрылғысына 184 рет түскені белгілі болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 3,5 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, осы көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаннан басқа, көлікті жалған сақтандыру полисімен жүргені анықталды", – делінген Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі кезде көлік Қостанай қаласы әкімдігінің мамандандырылған автотұрағына орналастырылды. Ал құқықбұзушыға айыппұлдарды төлеу туралы хабарлама берілді.

Сонымен қатар, жүргізуші Әкімшілік кодекстің 230-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, жалған сақтандыру полисін қолданғаны үшін материал жиналды.

Айта кетейік, автокөлікті сақтандыру полисінсіз тізгіндеген жүргізушіге 10 АЕК (29 170) көлемінде айыппұл салынады.

Жалпы, жергілікті полицейлер қаңтар айында "Автоураган" агроөнеркәсіптік кешенінде шетелдік автокөліктердің 1 667 жол ережесін бұзу фактісін тіркеген. Айыппұлдың жалпы сомасы 10,2 млн. теңгені құрайды және бұл туралы 700 хабарлама жіберілген.

Оқи отырыңыз: "Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды

Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірін алмаған 900 ресейлік, 20 армениялық, 56 қырғызстандық автокөлікті анықталды. Ендігі жерде бұл көлікке қатысты деректер "Автоураган-РОЗЫСК" жүйесіне енгізіліп, оларды мамандандырылған автотұраққа қойылады.

Жаңалықтар
0