12:11 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
45 0 0

Алматы қаласындағы әр ауданда вакцина салдыруға арналған екі кабинет бар. Барлығы талапқа сай жасақталған

АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Алматыда вакциналаудың бірінші кезеңінде 1 300-ден астам медицина қызметкері вакцина алды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиолог маманы Эльвира Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда 1 315 медицина қызметкері вакцинаның алғашқы компонентін алды. Екінші компонент бір аптадан кейін келеді,  21 ақпанда бірінші дозаны алған қызметкерлерге екінші компоненті салынады. Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың, көпбейінді ауруханалардың қабылдау бөлімі, жедел жәрдем қызметі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлері вакцина алды", - деді Ибрагимова.

Айтуынша, қаладағы әр ауданда вакцина салдыруға арналған екі кабинет бар. Барлығы талапқа сай жасақталған.

Сонымен қатар маман вакцинадан кейін дене қызуы көтерілуі заңдылық екенін айтты.

"Кез келген вакцинаға ағза реакция береді. Эпидемиолог дәрігер ретінде мен де вакцина салдырдым. Жеке тәжірбиемнен айтайын, егуден кейін дене қызуым көтерілді. Бұл бір күнге жалғасты. Келесі күні өзімді жақсы сезіндім. Мұндай әсер кез келген вакцинадан кейін болады. Ал Алматы қаласы бойынша вакцина салдырғаннан кейін жанама әсер тіркелген жоқ", - деді маман.

Сонымен қатар маман қазірдің өзінде вакцина салдыруға ниетті тұрғындардың көбейгенін айтты. Айтуынша, шамамен вакциналаудың екінші кезеңінен бастап олар да вакцинаны ерікті түрде салдыра алады.

"Қазірдің өзінде вакцина салдыруға ниетті адамның көп екенін байқап отырмыз. Біз алдымен медицина қызметкерлеріне салудан бастадық. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Медицина қызметкерлеріне вакцина салынғаннан кейін полицейлер мен мұғалімдерге салынады. Жалпы екінші кезеңнен бастап халықтың басқа топтарына да вакцина салынуы мүмкін", - деді Ибрагимова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 ақпаннан халықты вакциналау басталды - маңызды 10 сұрақтың жауабы

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу науқаны басталды.

Вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аймаққа таратылды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Мәжіліс депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Вакцина салдырған қазақстандықтарға QR-код беріледі
Вакцина салдырғаннан кейін маска тақпауға бола ма – вице-министр жауабы
Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты
Коронавирусқа қарсы вакцина кейбір адамдарға көмектеспейді – вирусолог түсініктеме берді
Кілт сөздер:
медицина, вакцина, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып