Өңірлер

Ақтөбе облысында мұнайшылар тағы бас көтерді

Мұнайшы
Мұнайшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Егер тараптар заңға сәйкес мәмілеге келудің мүмкіндігі болмаса, бұл мәселені қатысты еңбек арбитражы пікірін айтып, қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде мұнайшылардың наразылығы тоқтамай тұр. Осы жолы "Сағыз Петролиум" компаниясының мұнайшылары наразылыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұнайшылар жалақы көтеруді және вахтаны он бес күнге дейін қысқартуды талап етіп отыр.

"Айлығымыз – 130-140 теңге. 110-120 алатындар бар. Ол бір ипотекаға төлеуге келмейді. Талабымыз – 200 мың және 15 күн вахта", – дейді мұнайшы Болатхан Жұмағалиев.

Осы жолы ұйытқыған жел мен үскірік аязға қарамастан, 60 шақты мұнайшы компания кеңсесінің алдына жиналды. Бірақ оларды ішке кіргізбеді. Содан жұмысшалыр өз талаптарын еңбек инспекторлары арқылы жеткізді.

"Сағыз Петролиум" компаниясы Ақтөбе мен Атырау облысында геологиялық барлау және мұнай іздеумен айналысады. Тоғыз бірдей кеніште жұмыс істейді. Соған қарамастан қытайлық инвесторлар бекіткен жұмысшылар жалақысы 150 мың теңгеге жетпей отыр. Мұнайшылар үш жылдан бері осыны айтып келеді. Осы жолы шыдамы таусылып, аязға қарамастан наразылыққа шыққан.

"Егер тараптар заңға сәйкес мәмілеге келудің мүмкіндігі болмаса, бұл мәселені қатысты еңбек арбитражы пікірін айтып, қарайды. Ал ол жерде шешімге келмесе, онда сотқа шағымдануға болады", – дейді облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаев.

Мұнайшылар наразылығы қалай басталды

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын. 25 қаңтарда Көкжиде кен орнында "КМК Мұнайдың" 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерсе, төрт күннен кейін Башенкөлде "АМК Мұнайдың" 62 мұнайшысы көшеге шықты. Барлығы жалақыны көтеруді талап етті. Себебі орташа жалақы 60-150 мың теңгеден аспайды. Мұнайшылар президентке бейнеүндеу де жариялады.

Артынан "КМК Мұнайда" жұмысшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге шешім қабылданды. Оған қоса, тарифтік разрядтарды көтеретін болды. Осылайша, еңбек дауы шешіліп, мұнайшылар өз жұмысына кірісті. Ал "АМК Мұнай" компаниясында әрбір жұмысшының жалақысына 40 мың теңге қосып береді. Наурыз мейрамына қарай тағы жалақының 50 процентін сыйақы ретінде алады.

Оқи отырыңыз: "Бір тиын да төлемеді": Ақтөбелік мұнайшылар бас көтерді

Ақтөбе облысында мұнайшылар мәселесі шешілгеннен кейін Маңғыстаудың мұнайшылары көшеге шықты. Жаңаөзенде "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді және жұмыс тәртібін реттеуді талап етіп отыр.

Жаңалықтар
0