Өңірлер

Қарағандыда оқушылар дүйсенбі сабаққа бармауы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневМектептің жанындағы бала
Мектептің жанындағы бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Көктайғақ пен қатты желге байланысты оқушыларды мектепке жіберіп-жібермеуді ата-аналар өздері шешеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласының білім бөлімі дүйсенбі, 8 ақпанда оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.

Мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Қоғам
Білім министрі оқушылар үшін қандай өзгеріс болатынын айтты
"Сегізінші ақпанда мектептерде сабақ тоқтатылмайды. Бірақ ата-аналар қолайсыз ауа райына байланысты мектептің алыстығын ескеріп, баланы мектепке жіберіп-жібермеуді өздері шешеді. Өз шешімі туралы сынып жетекшісіне ескертуі қажет", - делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Бүгін Қарағандыда күні бойы қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз жолдарда – көктайғақ.

Облыста тас жолдар жабылды.

Жаңалықтар
0