НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласының білім бөлімі дүйсенбі, 8 ақпанда оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.
"Сегізінші ақпанда мектептерде сабақ тоқтатылмайды. Бірақ ата-аналар қолайсыз ауа райына байланысты мектептің алыстығын ескеріп, баланы мектепке жіберіп-жібермеуді өздері шешеді. Өз шешімі туралы сынып жетекшісіне ескертуі қажет", - делінген білім бөлімінің хабарламасында.
Бүгін Қарағандыда күні бойы қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз жолдарда – көктайғақ.
Облыста тас жолдар жабылды.