Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарына қасқыр шапты

© Photo : СС0 / Mila KusmenkoВолки
Волки - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Күйеуі келіп, қасқырға айыр сұғып өлтірді. Әйел мен баланы дәрігерлер қарады, тиісті екпе жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылында тұрғындарға қасқыр шабуылдады, деп хабарлайды Noks.kz порталы. 

Оқиға, сенбі, 30 қаңтар күні болған. Әйел малды қораға кіргізу үшін кәмелетке толмаған баласымен бірге аулаға шыққан. Сол кезде қасқыр қолына бас салды. Әйел баласына "тығыл" деп айқайлады. Алайда ол анасын қалдырмады. Жыртқыш баланы аяғынан тістеп алды.

Осы кезде күйеуі келіп, қасқырға айыр сұғып өлтірді. Әйел мен баланы дәрігерлер қарады, тиісті екпе жасалады.

Қасқырда құтыру диагнозының болып-болмағанын анықтау үшін басы сараптамаға жіберілді.

Жедел әрекет ету жасағы басшысының орынбасары Василий Ткаченко қасқыр жалғыз болғанын айтады. Ол ауру немесе жаралы болуы мүмкін. Сондықтан аң аулай алмады деген болжам бар.

"Бұл әрекет қасқырға тән емес. Қазір қар аз, сондықтан аң аулау қиын емес", - деді Василий Ткаченко.

Жаңалықтар
0