Өңірлер

Шаңды дауыл Маңғыстауда бірнеше ғимараттардың шатырын жұлып кетті – видео

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуҚұрылысшы, иллюстративті фото
Құрылысшы, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шаңды дауыл салдарынан Жетібай – Шетпе тас жолында бірнеше автомобиль соқтығысып, ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жол уақытша жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Шаңды дауыл өңірдегі бірнеше ғимараттың шатырын жұлып кеткен. Қазіргі кезде жедел құтқару қызметінің өкілдері табиғат құбылысы келтірген зардаптарды қалпына келтірумен айналысып жатыр.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жаңаөзен/Zhanaozen/Жанаозен (@zhanaozen_online)

Бір күн бұрын Маңғыстау облысының елді мекендерінде болған шаңды дауыл мен жойқын жел өңірдегі коммуналдық қызметті біршама әбігерге түсірді, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Жаңаөзен қаласындағы екпінді жел көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ұшырып кетті.

"Жойқын жел "Өркен" шағын ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйдің жалпы аумағы 70 шаршы метр болатын шатырын ұшырды. 1986 жылы салынған ғимараттың жалпы аумағы – 100 шаршы метрді құрайды", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жаңаөзен/Zhanaozen/Жанаозен (@zhanaozen_online)

Осы секілді оқиға Теңге аулында да тіркелді. Мұнда жел емхана шатырын қиратқан.

"1997 жылы бой көтерген ғимаратқа 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі кезде әкімдік өкілдерімен бірге арнайы комиссия құрылып, олар оқиға орнында болып қайтты" – деп нақтылады Әбдіқадыров.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жаңаөзен/Zhanaozen/Жанаозен (@zhanaozen_online)

Сондай-ақ шаңды дауыл салдарынан Жетібай – Шетпе тас жолында бірнеше автомобиль соқтығысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жол уақытша жабылды.

Жаңалықтар
0