Қоғам

Қазақстанда бір аптада 73 адам коронавирустан қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы пандемия басталғалы 179 720 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде 2 495 науқас көз жұмды

АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 18-24 қаңтар аралығында коронавирус инфекциясынан 73 адам қайтыс болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ал оның алдындағы аптада – 11-17 қаңтар аралығында Қазақстанда 54 адам коронавирустан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр 

Кейінгі бір аптада қайтыс болғандар Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Барлығы 73 адам көз жұмды:

  • Алматы қаласында - 14;
  • Батыс Қазақстан облысында - 14;
  • Алматы облысында - 12;
  • Шығыс Қазақстан облысында - 6;
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 6;
  • Шымкент қаласында - 4;
  • Қарағанды облысында - 4;
  • Павлодар облысында - 4;
  • Ақмола облысында - 2;
  • Ақтөбе облысында - 2;
  • Атырау облысында - 2;
  • Қостанай облысында - 2;
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1.

Жалпы пандемия басталғалы 179 720 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде 2 495 науқас көз жұмды. Ал бірінші тамыздан бері 47 445 адам пневмонияға шалдықты, 558-і қайтыс болды.

Жаңалықтар
0