17:32 02 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.90
  • EUR503.07
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3154 0 0

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы интернет-банкинг арқылы жасалған отыз үш ұрлық тіркелді

ПЕТРОПАВЛ, 25 қаңтар – Sputnik. Петропавлда полиция қызметкерлері жәбірленушілердің балалары жасаған екі интернет ұрлығын тергеп жатыр, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірінші жағдайда ер адамның шотынан 449 мың теңге жоғалып кеткен. Ол полицияға хабарласқан. Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні – жәбірленушінің 20 жастағы өгей ұлын ұстады. Ол ақшаны банктің мобильді қосымшасы арқылы ұрлаған.

"Келесі күні полицияға облыс орталығының тағы бір тұрғынынан арыз түсті, ол шотынан 790 мың теңге жоғалғанын байқаған. Қаражатты жәбірленушінің қызы, қаладағы колледждердің бірінің 19 жастағы студенті интернет-банкинг арқылы ұрлап алғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Екі факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

"Соңғы кезде жәбірленушінің туыстары жасайтын  интернет ұрлығы жиілеп кетті. Көбіне заманауи технологияларды жақсы меңгермеген егде жастағы адамдар зардап шегеді. Сондай-ақ мұндай қылмыстар парольмен қорғалмаған телефон немесе банк картасы ұланған кезде де жасалады", - деді екінші полиция бөлімінің бастығы, подполковник Руслан Сыздықов.

Оқи отырыңыз: "Қиын жағдайда қалған" адамды үйіне кіргізген Түркістан тұрғыны сан соғып қалды 

Жалпы алғанда, соңғы бір жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысында осындай жолмен жасалған 33 ұрлық тіркелді.   

Тақырып бойынша

Қарағанды тұрғынына "көмектескен" ер адамды полиция ұстады
"Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Кілт сөздер:
ұрлық, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып