Өңірлер

Көкшетау тұрғындары алаңға шықты – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы митинг
Алматыдағы митинг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімдігі мен құқыққорғау органдарының басшылығы наразы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Көкшетау қаласында ондаған адам Тәуелсіздік алаңына жиналды. Қала тұрғындары жаппай вакцинациялау мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қарсы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде ондаған адамның алаңға жиналған видеосы тарады. Видео астында "Көкшетауда санкцияланбаған митинг өтті" деп жазылған.

Видеода ер адам отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасының Конституцияға қайшы екенін айтады. Сондай-ақ, қазақ тілінің мәселесін де көтерген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НАРОДНЫЙ ПАБЛИК КОКШЕТАУ (@kokshevideogram)

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға түсініктеме берді.

"25 қаңтар сағат 11.00 шамасында Көкшетау қаласында Тәуелсіздік алаңына тұрғындар жиналып, коронавирусқа қарсы вакцинациялау шарттары мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасын қолдамайтынын білдіріп, видеоүндеу жазбақшы болды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Облыс әкімінің орынбасарлары, Көкшетау әкімінің орынбасары, ішкі саясат басқармасының басшысы мен құқыққорғау органдарының басшылығы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы қоғамда резонанс туғызды. Атап айтқанда, қазақстандықтар баланы ұрып-соққаны үшін әке-шешені ата-ана құқығынан айыру нормасына қарсы. Олар заң жобасында ұсынылған кейбір шаралар "репрессивтік" сипатқа ие деп санайды.

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев та осы заң жобасына қатысты пікір білдірген еді. Президент нормаларды мұқият қарап, барлық пікірді ескеру қажет екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0