10:19 25 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD415.57
  • EUR505.37
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2470 0 0

Бүгінде жеті баланың әкесі атанған Сақтағанов бұған дейін Ұлан ауданының әкімі лауазымын атқарды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семей қаласының жаңа әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында депутаттар Сақтағановтың кандидатурасын қолдады.

Ол бұған дейін Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған.

"Облыс әкімі Даниал Ахметов бұрынғы әкім Ермак Сәлімовке алғыс айтып, қаланың жаңа басшысын таныстырды. Сәлімов алдағы уақытта облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болады", – делінген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Жаңа әкім туралы не білеміз?

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік институтын мұғалім, заңгер, экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1993-1994 жылдары Қарулы күштер қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы болды. 2006-2007 жылдары парламенттегі үкімет өкілдігінің бас инспекторы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Жаңа әкім Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2018 жылдан бүгінге дейін Ұлан ауданының әкімі лауазымын атқарды. Жеті баласы бар.

Тақырып бойынша

Атыраулық азамат полицей болу үшін әкім лауазымынан бас тартты
Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешіледі – әкім қоймаларды аралады
Екі қаланы басқарған бұрынғы әкім қайтыс болды
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды
Кілт сөздер:
әкім, Семей
Загрузка...

Басты тақырып