11:20 25 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD415.57
  • EUR505.37
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (758)
1011 0 0

Мейрамханада той жасағандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес айыппұл төледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны 70 адамды қонаққа шақырып, құдалық жасаған. Ұйымдастырушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полицейлері әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірлесіп, карантин режимін сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл басынан бері Түлкібас ауданында карантин режимін бұзудың 258 фактісі анықталды.

"Мәселен, Түлкібас ауданының бір ауылында мобильді топ мейрамханада 70-ке жуық қонақ шақырылған құдалықты тоқтатты. Ұйымдастырушыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) материал жиналды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді

Сондай-ақ, азық-түлік дүкендерінің бірінде санитарлық талаптар сақталмаған. Сатушы клиенттерге медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен. Кінәлілерге әкімшілік айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (758)

Тақырып бойынша

Облыстардың бірінде карантин күшейтіледі: неге тыйым салынды
Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді
Кілт сөздер:
карантин, Түркістан облысы, құдалық
Загрузка...

Басты тақырып