Өңірлер

Семейде бозбаланың өзіне қол салған сәті видеоға түсіп қалды

CC0 / / Жас жігіт
Жас жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде ер адамның көпірден секіріп кеткен сәті түсіп қалған видео тарады, полиция тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Семейде жас жігіт көпірден секіріп көз жұмды. Полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды "Arnapress.kz" басылымы.

Әлеуметтік желіде ер адамның көпірден секіріп кеткен сәті түсіп қалған видео тарады. Видеоны сол маңнан өтіп бара жатқан куәгер кездейсоқ түсіріп алған.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, трагедия 22 қаңтарда кешкі алтылар шамасында болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🌉Semey_news16🌁 (@semey_news16)

Дәл сол күні Семей полиция басқармасы орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-тармағы 1-тармақшасында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамы бойынша (Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу бастады", - деп жазады басылым.

Көпірден секіріп кеткен жас жігіт 2003 жылғы екені хабарланды.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етілмейді, деп мәлімдеді департаменттен.

Жаңалықтар
0