Өңірлер

Сәби аңқасына кептелген әшекей бұйым маңғыстаулық дәрігерлерді әбігерге салды – фото

© AP Photo Нәресте, архивтегі сурет
Нәресте, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңаөзен қаласындағы аурухана дәрігерлерінің әрекеті нәтижесіз болғандықтан, баланы облыс орталығына жедел жәрдеммен жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Маңғыстауда динозавр пішініндегі әшекей бұйым 3 айлық баланың аңқасында (мұрын қуысы мен жұртқыншақтың қосылған тұсы) кептеліп қалды. Қауіпті зат дәрігерлер көмегімен сәтті алынды, деп хабарлайды облыстық көпсалалы балалар ауруханасына сілтеме жасаған "Лада" басылымы.

Бүлдіршін Жаңаөзен қаласынан облыс орталығына шұғыл жеткізілген. Себебі, жергілікті қалалық аурухана дәрігерлерінің әрекеттері нәтижесіз болған.

© Мангистауская областная многопрофильная детская больницаСәбидің аңқасында кептеліп қалған әшекей бұйым.
Сәби аңқасына кептелген әшекей бұйым маңғыстаулық дәрігерлерді әбігерге салды – фото - Sputnik Қазақстан
Сәбидің аңқасында кептеліп қалған әшекей бұйым.

Ал Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Қазбек Шүкіров балаға наркоз беру арқылы әшекей бұйымды нәрестенің аңқасынан эндоскопиялық әдіспен шығарды.

"Бақытымызға орай, бала аман қалды. Егер ол затты тереңірек жұтып қойғанда оның зардабы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін еді", – дейді дәрігер.

Ата-анасының айтуынша, сәбидің аузына әшекей бұйымды екі жас үлкен бауыры салған көрінеді.

Оқи отырыңыз: Бетінде "Бэтменнің маскасымен" дүниеге келген сәбиге бірнеше ота жасалды

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жеті жасар баланың асқазанынан жиналып қалған шаш жентегін алған болатын.

Жаңалықтар
0