Өңірлер

Сарыағашта тұрмыстағы әйелмен көңіл қосқан жігіттің өліміне қатысты сот басталды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка плачет на лестничной клетке, иллюстративное фото
Девушка плачет на лестничной клетке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұмның туыстары сотталушыларға жеңіл айып тағылғанын мәлімдеді, айтуларынша, олар кісі өлтіруге әдейі барған

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш қаласында кәсіпкерді ұрып-соғу ісі бойынша сот отырысы өтті. Тұрмыстағы әйелмен көңіл қосқаны үшін 27 жастағы Әуезхан Баймырзаевты сабап тастаған, салдарынан ол ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Іс бойынша әйелдің ағасы мен күйеуі айыпталып отыр. Марқұмның туыстары сотталушыларға қатысты іс тым жеңіл бап бойынша қаралып жатыр деп санайды, айтуларынша, олар кісі өлтіруге әдейі барған.

"Сотталушы Есенгелді Ниязов пен Шыңғысхан Төлеш алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен келісіп, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында Баймырзаевқа ауыр дене жарақатын салды, бұл абайсызда кісі өліміне әкелді", - деп атап өтті мемлекеттік айыптаушы Ермек Әбдіғаниев.

Махаббат хикаясы өткен жылдың көктемінде басталған. Әуезхан Баймырзаев көп балалы анамен жасырын қарым-қатынаста болған. Онымен бірге тұру үшін бөлек пәтер сатып алғаны анықталды. Әйел де бұған келіскен, тіпті заңды күйеуінен кетіп қалуға дайын болған.

"Беті қан-қан": Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім құшты 

Туыстары ғашықтардың қарым-қатынасы туралы білгенде, жанжал шыққан. Әйелдің жақындары Әуезханды кездесуге шақырған. Аяқ-қолын байлап, аяусыз ұрып-соққан. Жігіт 4 күн комада жатып, ауруханада жан тапсырды.

Оқиға арбаға танылған марқұмның бауырының көз алдында болды. Алайда ол жақынын қорғай алмаған.

Жәбірленуші тарап сотта кісі өлтіру қылмысы алдын ала жоспарланғанын дәлелдеуге ниетті.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның бауыры Болат Баймырзаев жергілікті полицияның жұмысына көңілі толмайтынын, бауырын сабаған адамдардың бостандықта жүргенін айтты. Ішкі істер министрі мен прокуратурадан көмек сұрады.

Жаңалықтар
0