Өңірлер

11 жыл бойы миллиардтап қаржы жымқырған: Таразда қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКассалық аппарат
Кассалық аппарат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топ құрамындағы 10 адам контрагент сатып алушыларды іздеумен және екінші деңгейлі банктерден қолма-қол ақша шығарумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 10 миллиард теңге залал келтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өткізген жедел-іздестіру шаралары кезінде 2009-2020 жылдар аралығында заңсыз әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды.

"Олар қала аумағында жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан. Яғни, нақты жұмыс жасалмаса да, тауарлар жеткізілмесе де, жалған шот-фактуралардың негізінде миллиардаған ақшаны аударып алып отырған", – дейді құқық қорғаушылар.

Қылмыстық топқа 10 адам кірген. Олардың ішінде заңды тұлғалардың басшысы ретінде тіркелген азаматтар да бар. Барлығы бірігіп, контрагент сатып алушыларды іздеумен және екінші деңгейлі банктерден қолма-қол ақша шығарумен айналысқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Осы қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 миллиард теңгені құрады.

Тәркілеу шаралары аясында қылмыстық топтың бақылауында болған кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаржысына шектеу қойылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте отырып, СҚО тұрғындары атынан кредит алған алаяқ ұсталды

Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.

Жаңалықтар
0