Өңірлер

Алматы облыстық сотына адамдардың келуіне қатаң тыйым салынды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот үстелі
Сот үстелі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот ғимаратына санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінен басқа адамдардың келуіне қатаң тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Карантиндік шараларға байланысты Алматы облыстық сотының жұмысы толығымен тоқтатылды. Мұндай хабар аталған ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Талдықорған қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен облыстық сот ғимаратын мен оның аумағында 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында карантиндік шаралар енгізілді. Осылайша соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, ал қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды", – делінген хабарламада.

Сот ғимаратына санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінен басқа адамдардың келуіне қатаң тыйым салынды.

Ал енді қаралуы осы мерзімге жоспарланған істердің барлығы да кейінге ауыстырылды. Іске қатысушылардың бәріне қосымша ақпарат берілетін болды.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды

Айта кетейік, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 107-бабы (апелляциялық шағым, прокурордың шешіміне тергеу судьясының санкциясын беру) бойынша материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды.

Жаңалықтар
0