Өңірлер

Сапарбаев Қордайдағы жағдай мен коронавируспен күрес туралы айтты

Жазылу
Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыс әкімінің жұмысына оң баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына өңірдің 2020 жылғы даму қорытындылары мен президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жоспары жөнінде баяндалды.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында экономиканың өсімі 102,2 пайызға, негізгі капиталдың инвестициясы 344,1 миллиард теңгеге жеткені жайында айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы дамыту да ерекше назарда екенін атап өтті.

"Пандемия кезінде облыстың 524 мың тұрғынына 44,6 миллиард теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекесі қарсаңында 8 мың адамға 203 миллион теңге көлемінде қосымша бір реттік көмек берілді", – деді Сапарбаев.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордай ауданындағы ахуал жөнінде баяндалды.

Облыс әкімінің айтуынша, аудандағы жағдай тұрақты. Былтыр тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 35,1 миллиард теңге болатын 392 жоба іске асырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 22 елді мекенге газ тарту, ауызсумен қамтамасыз ету және 391 шақырым жол салу жұмыстары жүргізілген. 360 пәтерлік 5 тұрғын үй салынған.

COVID-ке қарсы дайындық

Бердібек Сапарбаев коронавирустың келесі толқынына өңірдің дайындығы туралы да айтты. Облыста жұқпалы ауру жұқтырғандар үшін 4,5 мың және жан сақтау бөлімдерінен 468 төсек-орын дайындалған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда қосымша 7 мыңға дейін медицина қызметкерлері жұмысқа тартылады.

Сонымен қатар, Қордай ауданының Гвардейск ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр.  

Қордайдағы жағдай

Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу, бұқаралық спортпен шұғылданатын адамдардың санын 35 пайызға дейін жеткізу жоспары туралы да ақпарат берді.

Оқи отырыңыз: Сапарбаев ел арасында тараған өзіне қатысты қауесетке жауап берді

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыс әкімінің жұмысына оң баға беріп, эпидемиялық ахуалды бақылауда ұстауды, инвестиция тарту және жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0