Өңірлер

"Не істеймін енді?": Туған қыздарынан таяқ жеген әжейдің етегі жасқа толды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой женщины
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зіңгіттей күйеу балалары мен қыздары анасының бірнеше жерін жарақаттаған. Болған жайтты басқа бір қызы видеоға түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Шымкентте егде тартқан кейуананы туған қыздары мен күйеу баласы сабап тастады. Оған баспана дауы себеп болған.

Өз үйін өзінен қызғанған ет жақындары 71 жастағы әжейді тепкілеп тастаған, деп хабарлады КТК.

"Ержан қатты сүйреді, Мырзабай да жанында жүр. Ол да бір жағынан сүйреді. Мен еңкейіп қалдым. Бір қарасам екі қыз теуіп, ұрып жатыр, анау Нағима еңкейсем шашымды жұлды. Не істеймін мен енді?  Төртеуі маған жабылды", - дейді кейуана.   

Зіңгіттей күйеу балалары мен қыздары анасының бірнеше жерін жарақаттаған. Қолы қанап, етегі жасқа толған зейнеткерді өзінің тағы бір қызы түсіріп алыпты.

Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео

Жеті құрсақ көтерген әжей отағасы қайтыс болған соң даңғарадай үйде жалғыз тұрған. Кейін кенжесі күйеуімен көшіп келген соң, көп ұзамай қызы көз жұмады. Осыдан кейін күйеу баласы басқа бажалары және қыздарымен ақылдасып, қарияны өз үйінен қуып шықпақшы болыпты.

Желтоқсан айында болған жанжалды Еркін Қахаров есімді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Енді бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

Жаңалықтар
0