Өңірлер

Қазақстанда тағы екі өңір коронавирустың "қызыл" аймағына енді

© REUTERS / AMANDA PEROBELLIПроизводство вакцины от коронавируса
Производство вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймақта тұр. Пандемия басталғалы 168 мыңнан астам адам індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Атырау және Павлодар облыстары коронавирустың "қызыл" аймағына енді. 

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта - Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймақта тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 978 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Пандемия басталғалы 168 мыңнан астам адам індетке шалдықты.

Еске сала кетсек, астанада вирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты жаңа қаулы шықты. Оған сәйкес, демалыс күндері сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары және фитнес орталықтар жұмыс істемейді.

Бірқатар өңірде жаңа шектеулер енгізілді.

Жаңалықтар
0