22:37 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

25 жастағы жігіт бір отар қойын Үшарал ауылына жақын маңдағы жайылымға айдап шығып, кешкі уақытта оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері отар қойымен бірге жоғалып кеткен шопанды іздеу бойынша құтқару операциясын жүргізді.

Қойшы сейсенбі күні таңертең жайылымға шыққаннан түнге дейін оралмаған. Қатты жауған қар мен тұман салдарынан жолдан адасқан шопан мен 600 бас қой мал қорадан ондаған километр қашықтықтан табылған.

Полицияның кезекші бөліміне шопанның жоғалуы туралы хабарлама 12 қаңтар күні түнгі сағат 10:30 шамасында түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Хабарласқан азамат 25 жастағы жігіттің таңертең қой отарын Үшарал ауылына жақын маңдағы жайылымға айдап шығып, әдеттегі кешкі уақытта оралмағанын айтқан.

Аймақтағы ауа-райының қолайсыздығын ескере отырып, тәртіп сақшылары жедел түрде жоғалған қой мен қойшыны іздеу шараларын ұйымдастырды.

"Алты қызметтік көлікке мінген полицейлер бірден қойшыны іздеуге кірісіп, оны отарымен бірге жайылымнан 45 шақырым жерден тапты", – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарылған азамат полицейлерге кенеттен жауған қалың қар мен тұман салдарынан кері қайтар жолды таппай қалғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды

Тақырып бойынша

Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген қойшының денесі табылды
ОҚО-да шопан екі ай бұрын суға кеткен ер адамның денесін тапты
Бір отар қоймен бірге өртеніп кеткен шопан өлімінің мән-жайы белгілі болды
Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады
"Мың бас қойын сатып жіберген": түркістандық шопан Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, адасу
Загрузка...

Басты тақырып