22:05 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
109 0 0

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйел ұқыпты киінген, бірақ полиция бөліміне жеткізілген кезде мас болған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Саратов тас жолында екі баланың анасы табылды. Әйелдің қанша уақыт жерде жатқаны белгісіз, бірақ әбден тоңып қалған. Ол айдалада не істеп жүргенін есіне түсіре алмады.

Әйелді жеке күзет фирмасының қызметкерлері тапты. Олар тоңып қалған әйелді жергілікті полиция бөліміне жеткізген.

"Олар Саратов тас жолымен келе жатып, жерде жатқан әйелді көрген. Ер адамдар оны көлікпен қағып кетті немесе тұрғылықты мекенжайы жоқ деп ойлады. Әйелді бізге әкелді, ол ұқыпты киінген, бірақ мас болды. Тоқтамастан жылай берді, қатты тоңып қалған", - деді "Мой город" басылымына полициядағылар.

Әйелдің жеке заттары мен ұялы телефоны қасында болған. Тәртіп сақшылары оның отбасы – күйеуі мен екі баласы бар екенін анықтады. Ол арыз жазудан бас тартты, кейінірек оны туыстары алып кетті.

Әйелдің денесінде жарақат іздері жоқ. Соңғы рет мейрамханада қыдырғаны есінде. Тас жолға қайдан келгенін есіне түсіре алмады. Медициналық көмектен де бас тартты.

Кілт сөздер:
әйел, Батыс Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып