Өңірлер

Алматы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинУрны на избирательном участке
Урны на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаушылардың 68,11%-і Nur Otan-ға, 10,11%-і "Ақ жолға", 7,68%-і "Ауылға", 7,31%-і Қазақстан халық партиясына, 6,79%-і "Адал" партиясына дауыс берді

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, мәслихат депутатының саны ұлғайды, бұрын 37 адам болса, қазір 39 орын бар.  

Алматы мәслихаты сайлауының қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың 68,11%-і Nur Otan партиясына дауыс берді, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,11% дауысқа ие болды, "Ауыл" демократиялық патриоттық партиясы сайлаушылардың 7,68% дауысын алды, Қазақстан халық партиясы - 7,31% және "Адал" саяси партиясы 6,79% дауыс жинады.

Осылайша төрт партия мүшесі мәслихат депутаты болады:

  • Nur Otan – 29 мандат,
  • Ақ жол – 4 мандат,
  • Қазақстан халық партиясы – 3 мандат,
  • Ауыл – 3 мандат,
  • "Адал" партиясы 7% дауыс жинамағандықтан, мәслихаттан орын иеленбейді.

Айта кетейік, партиялық тізім бойынша Алматы қаласы мәслихатына дауыс беру 2021 жылдың 10 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтті.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс сайлауының қорытынды нәтижесі жарияланды 

Саяси партиялардың берген тізімдері бойынша сайлауға 118 адам түсті. Nur Otan партиясынан 78 адам, Қазақстан халық партиясынан 14, Adal партиясынан 5 адам, "Ақ жол" партиясынан 15 адам, "Ауыл" партиясынан 6 адам тіркелген.

Асанованың айтуынша, хаттамалар ресми партияларға ұсынылады. Әрі қарай саяси партиялар заңдары бойынша мәслихатқа кім баратынын анықтайды.

Жаңалықтар
0