Өңірлер

Түркістан облысында екі кәсіпкер 7 млрд теңгеге жалған құжат толтырды

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр номиналом 10 тысяч тенге
Фрагменты купюр номиналом 10 тысяч тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысының екі тұрғыны бірнеше жыл ішінде жеті миллиард теңгенің жалған шот-фактурасын жазған. Сот үкімімен бірі бес жарым жылға, екіншісі үш жылға бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай аудандық соты жергілікті екі кәсіпкерге қатысты үкім шығарды. Олар контрагенттеріне іс жүзінде қызмет көрсетпей, жалған шот-фактура берген.

Қаржы мониторингі комитеті Түркістан облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстың екі тұрғынының салық төлеуден жалтарғанын және жұмысты орындамай, шот-фактуралар жазғанын анықтады.

"2017-2019 жылдары Түркістан облысының екі тұрғыны "Фаворит Инвест Строй", "Азия-Тех" және "Таңшолпан-Нұр" ЖШС-ні үшінші тұлғаға тіркеген. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызмет көрсетілмей, тауарлар жөнелтілмеді. Жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырған. Айыпталушылар сатып алушы-контрагенттерден сыйақы алып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтарған", - делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кәсіпкерлер заңға қайшы әрекеті арқылы мемлекетке жеті миллиард теңгеден астам (16,6 миллион доллардан астам) залал келтіргені анықталды.

"Азаматтардың қылмысы Қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау)  және 245-бабының 3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару) бойынша қаралды", - деп хабарлады Түркістан облысы экономикалық тергеу департаменті.

Жетісай аудандық сотының үкімімен айыпталушылардың бірі бес жарым жылға, ал екіншісі үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0