Өңірлер

"Ал анауыңды!": шымкенттік ақсақалдың әрекеті жұрттың ашуын келтірді – видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСалон внедорожника
Салон внедорожника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Шевролет" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы жолағына шығып, "Лада" автокөлігін қасақана соққан

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында қымбат джип мінген ақсақал әдейі жолдың қарсы бетіне шыққан. Тіпті, өзіне қарсы келген көлікті жол жиегіне итеріп тастаған. Облыстық полиция департаменті осы оқиғаның мән-жайын анықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Әлеуметтік желіде тараған видеода Chevrolet маркалы жол талғамайтын көлік мінген ақсақалдың жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін көруге болады. Оған бетпе-бет келген Lada жүргізушісі тоқтап, жол ережесін бұзған зейнеткерді ұялы телефонына түсірген. "Сіз менің машинамды неге соғып жатырсыз?", - деп сұрайды ер адам. Ал ақсақал алған бетінен қайтпайтынын ашық айтады.

"Ал анауыңды, үстінен өтіп кетемін қазір. Сосын төлей саламын. Саған жаңа көлік алып беремін", - дейді ол. Lada жүргізушісі бұл "ұсыныспен" келіседі. Осы кезде ақсақал алға қарай жүріп, жеңіл көлікті жолдың жиегіне итеріп тастайды. "Көрдің бе? Мен саған қайтпаймын дедім ғой. Ал енді бұдан кейін ақылды боласың!", - деп кете береді.

Түркістан облыстық полиция департаменті осы оқиғаның мән-жайын анықтады.  

"Тексеріс кезінде оқиға Келес ауданы елді мекендерінің бірінде болғаны белгілі болды. "Шевролет" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы жолағына шығып, "Лада" автокөлігін соққан", - дейді полицейлер.  

Ал джиптің иесі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Егде жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бірдей бабы бойынша жауапқа тартылды. 593-бабының 2-бөлігі ("Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау"), 601-бап ("Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау),  610-бап ("Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы") және 611-бап ("Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы").  

Ақсақалға айыппұл салынды. Бұдан бөлек, тиісті материалдар сотқа жіберілді. Соның негізінде егде жастағы ер азамат жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал "Лада" көлігінің жүргізушісі арыз жазудан бас тартты. Полиция ақсақалдың кешірім сұраған видеосын жариялады.  

"Алдымнан көлік шыққан кезде осы жердің қазағымын ғой, осы жердің тасымын ғой, маған неге жол бермейді деп қателік жасадым. Оны мойындап, інімнен кешірім сұраймын. Көкеме сәлем айтып бар. Бәріміз бір ағайынбыз", - деді Шымкент қаласының тұрғыны.

Жаңалықтар
0