Өңірлер

Қазақстанның бір облысы коронавирустың "қызыл" аймағына қайта оралды

© Sputnik / Тимур БатыршинНауқастарды емдеу палатасы
Науқастарды емдеу палатасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте республика бойынша барлығы 746 адамнан коронавирус анықталды, соның 73-і Атырау облысында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. 11 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Атырау облысы "қызыл" аймаққа қайта кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған матрицаға сүйенсек, жалпы Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.

Атырау мен Ақмола облыстары "қызыл" аймаққа кірген. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары – "сары" аймақта.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

10 қаңтар күні Атырау облысы "сары" аймақта, ал Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұрған еді.

Қазақстанда өткен тәулікте 746 адамда коронавирус диагнозы расталды, соның ішінде 73 адам Атырау облысында тіркелген.

Тағы оқыңыз: Біле жүріңіз: дәрігерлер коронавирустың жаңа симптомын атады

Айта кетсек, "қызыл" аймаққа енген облыстарда карантин қатаңдатылады.

"Сары" аймақтағы өңірлерде бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сол күйі қалып, олардың сақталуын бақылау күшейеді.

Ал "жасыл" аймақ эпидемиологиялық ахуал тұрақты және шектеу шараларының жеңілдеуі мүмкін екенін білдіреді.

Жаңалықтар
0