Өңірлер

Павлодар облысының тұрғыны боранда адасып кетті

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуМетель
Метель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолайсыз ауа райы кезінде елді мекеннен алыс жолға шықпауға шақырады

ПАВЛОДАР, 10 қаңтар – Sputnik. Кешкі боран кезінде адасып кеткен ауыл тұрғынын павлодарлық құтқарушылар іздеу тауып, ауруханаға жеткізді, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

9 қаңтар күні кешкі сағат 20:05-те "101" жедел желісіне хабар түсті.  Юбилейное ауылының тұрғыны сағат 17:30-да мал қарап келейін деп шығып, қайта оралмаған. Ер адамның ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде болды.

УАЗ автокөлігімен жолға шыққан Тереңкөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің екі қызметкері және қызметтік көлік мінген полиция қызметкерлері іздеу жұмысына кірісті. Сондай-ақ, павлодарлықты іздеуге шаруа қожалығының жұмысшылары, еріктілер мен бес техника жұмылдырылды. 

Он минуттан соң еріктілер адасқан тұрғынды Тереңкөл – Ивановка тас жолының 13-ші шақырымынан тауып алған. Ол шок күйінде болғандықтан, құтқарушылар аудандық ауруханаға жеткізді. Медицина қызметкерлері ер адамға тиісті алғашқы көмек көрсеткен. 

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолайсыз ауа райы кезінде елді мекеннен алыс жолға шықпауға шақырады.

Жаңалықтар
0