13:27 18 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4476 0 0

Полиция өкілдері жануарларға қатыгездік көрсету фактісінің негізінде сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде жануарға жасалған қатыгездіктің тағы бір видеосы пайда болды. Бұл жолы Атырауда итті көліктің артына байлап, асфальт бетінде сүйреген сәтті куәгерлердің бірі түсіріп алған.

"Атырау қаласының полиция басқармасы! Жануарға жасалған қатыгездікке байланысты осы іспен айналысып, тексеру нәтижесі туралы қоғамды хабардар етулеріңізді сұраймын! Видеода оқиғаның уақыты мен күні көрсетілген. Ал көлік тоқтағаннан кейін жолаушы итті (сол кезде өліп қалған болуы да мүмкін) жүк салғышқа салды да, ештеңе айтпастан үнсіз кетіп қалды", – деп жазды Гүлсім Сабирова есімді Facebook қолданушысы.

18+ видеоны балаларға, жүкті әйелдер мен психикасы тұрақсыз адамдардың көруіне болмайды 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Полиция басқармасының №1 полиция бөлімі 7 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша жануарларға қатыгездік көрсету фактісінің негізінде сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Айта кетейік, заңда жануарлардың жарақат алуына немесе өлуіне әкелетін кез-келген қатыгездік үшін кінәліге 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (350 мың теңге) қарастырылған. Сондай-ақ, осы мөлшерде түзету жұмысына немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, 30 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады.

Бұл бірінші оқиға емес…

Мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны көлігімен итті жетекке алып жүрген видеосы желіде тараған. Ол ветеринарлық ауруханадан шыққан соң Алабайды көлікке сала алмағанын айтып ақталған.

Ал 2020 жылдың жазында әлеуметтік желіде ер адамның тоңазытқыш есігімен итті тұншықтырған видеосы пайда болды. Бұл көрініс қоғамда қызу талқыланған соң қылмыстық іс қозғалып, бірақ көп ұзамай тоқтатылды. Кейіннен Лаки есімді итті АҚШ-тың Калифорния штатына алып кеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LUCKY from Kazakhstan 🇰🇿 (@oneluckydog_ca)

Жануарларды қорғаумен айналысатын қазақстандық белсенділер мұндай қатыгездік үшін жазаны қатаңдатуды бірнеше рет көтерді. Осы мақсатта 2020 жылдың қазан айында елордада бейбіт митинг де өткен.

Оқи отырыңыз: Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды – видео

 

Тақырып бойынша

Атырауда балалардың көз алдында бұралқы итті атып тастаған
Бір үйір қасқыр екі итті жарып кетті – видео
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды
Итті тоңазытқыштың есігімен азаптаған Атырау тұрғынына қатысты іс қайта қозғалды
Кілт сөздер:
Атырау, қатыгездік
Загрузка...

Басты тақырып