ПАВЛОДАР, 8 қаңтар — Sputnik. 7 қаңтарда Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше үй жылусыз қалды.
Сағат 20:10-да Центральная көшесі бойындағы желілерінде ақау жойылып, жылу беру қайта іске қосылды. Бұл үшін төрт арнайы техника және сегіз адамнан тұратын бригада жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20:20-да Назарбаев – Чокин көшелерінің қиылысындағы апат салдары жойылды. Бұл жұмыстар аясында он алты адамнан құралған бригада жұмыс істеп, төрт арнайы техника қолданылды.
Белгілі болғандай, 7 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де Центральная көшесіндегі жылу желісінде апат болып, салдарынан 9 көп қабатты тұрғын үй, 31 жеке үй және бес мекеме жылудан ажыратылған. Ал Чокин көшесіндегі желідегі ақау тоғыз көп қабатты тұрғын үй мен жеке сектордағы екі үй жылусыз қалуына әкеп соқты. Күні бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу беру қалпына келтірілді.