Өңірлер

- 40 градус аяз: Павлодарда кіреберіс есігі қатып қалды – видео

Жазылу
Желі қолданушыларының дені болған жағдайға байланысты әзілдеп жатыр. Кейбірі мұны апокалипсис туралы фильмдерге ұқсатуда

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Павлодарда 40 градусқа дейін аяз болды. Тұрғындар қақаған аязда болған жайттарды әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Қолданушылардың бірі кіреберістің қатып қалған есігін видеоға түсіріп: 

"Қараңыздар, мен жұмысқа бармайтын сияқтымын", - деп жазған.

Видеоны көргендер жертөле ылғалданып тұрғасын, осындай жағдай болғанын айтып жатыр. 

Енді бірі: "Далада коронавирус, үйде отыр", - деген пікір қалдырған. 

Көптеген адамдар павлодарлық аязды "Бүрсігүні" атты апокалиптикалық фильммен салыстырды.

Бұған дейін Павлодарда -36 градуста жайбарақат велосипед теуіп жүрген ер адамның видеосы пайда болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Жаңалықтар
0