Өңірлер

Бірқатар облыста жолдар жабылатыны хабарланды

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото дождя в Астане
Архивное фото дождя в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде солтүстік аймақтарда қыс қаһарына енді. Ауа температурасы минус 40 градусқа жақын

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл шара сенбі, 2 қаңтар, сағат 17.00-ден бастап қолданылады.

Gismeteo ақпаратына сәйкес, сынап бағанасы сенбі күні -37 градусты көрсеткен. Жексенбі -26, -31 градус шамасында болады.

Сондай-ақ, Қостанай облысында қозғалыс шектелетіні хабарланды. Бүгін сағат 17.00-ден бастап республикалық маңызға ие жолдарда көліктің барлық түрі жүрмейтін болады. Бұл өңірде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендеген болатын.

Ал Ақмола облысы сағат 18.00-ден бастап дизель қозғалтқышты көліктердің республикалық маңызы бар кез келген жолға шығуына тыйым салды.

"ҚазАвтоЖолдың" ақмолалық филиалы ауа райы қолайлы болған кезде ғана жолға шығуға кеңес беріп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында да қоғамдық көлік пен дизельді көліктер қозғалысына шектеу енгізіледі. Қарағанды облысы мен елордада да осындай шара қолданылады.

Астанада ауа температурасы минус 30 шамасында.

 

Жаңалықтар
0