Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Тимур БатыршинСнегопад
Снегопад - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атлантикалық циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 29-31 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, Қазақстан аумағында атмосфералық процестер жылдам ауысады. Атлантикалық циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Сонымен қатар ауа температурасы көтеріледі. Алайда ол ұзаққа созылмайды.

30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массалары өтеді. Соған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Солтүстікте түнгі уақытта минус 30-38 градусқа дейін жетеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман болады.

Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесі кезінде Қазақстанның көптеген облысында аяз болады. Кейбір өңірлерде 42-43 градусқа дейін суық.

Нұр-Сұлтанда 31 желтоқсанда көшпелі бұлт болып, аздап қар жауады, бұрқасындатып, тұман түседі. Күндіз 20-25 градус, түнде 30-35 градус аяз. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда 31 желтоқсанда қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус 10-15 градус, түнде – минус 15-20 градус. Желдің жылдамдығы – секундына 2-7 метр.

Шымкентте 31 желтоқсанда күндіз 1-3 градус жылы, түнде 6-8 градус суық болады. 

Мереке күндері өңірлерде ауа райы қандай болатынын мына жерден оқуға болады.

 

Жаңалықтар
0