Өңірлер

Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған –  сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысында құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы жеті жылға сотталды, ол мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы жеті жылға сотталды. Бұл туралы өңірлік "Мой город" басылымы хабарлайды.

Бұрынғы шенеунікке "Ақ Саток" компаниясының директорымен бірлесіп Сағашилі ауылында мектеп құрылысына бөлінген 60,7 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылды.

Іс материалдарына сүйенсек, басқарма басшысы өз лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған. Ол жекеменшік компанияға мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша жұмысты орындағаны үшін соманың 3%-ін негізсіз қайтарған. Қайтарған сома 22,4 миллион теңгені құрады. Бірақ компания нысандағы жұмыстың барлығын орындамаған.

Тағы оқыңыз: Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды

Сонымен қатар, ер адам қызметтік міндетін атқару кезінде полицейлерге қоқан-лоққы жасады және төтенше жағдай режимі кезеңінде құқық қорғау органдарының талаптарына бағынбады деп айыпталды.

Сот бұрынғы шенеунікті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол мемлекеттік органдарда өмір бойы қызмет ете алмайды.

Ал оның сыбайласы – құрылыс фирмасының директоры алты жылға сотталды. Ол он жылға коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0