Өңірлер

Талдықорған маңынан 3 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның өртелген көлігі табылды

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері еріктілерді тарта отырып, іздеу іс-шараларын ұйымдастырды. Ашылған фактілер ескеріліп, іздестіру ісі кісі өлтіру туралы бапқа ауыстырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында жоғалып кеткен 34 жастағы Азат Теміртасовтың өртелген көлігі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

22 желтоқсанда Талдықорған полициясына жоғалған Азат Теміртасов туралы арыз келіп түскен. 1986 жылы туған ер адам 21 желтоқсанда көлігімен Қарабұлақ ауылына кетіп, із-түзсіз жоғалғаны анықталды.  

Алматыда бір күнде 100 мың теңге таппақ болған ер адам түрмеден бір-ақ шықты 

Полиция қызметкерлері еріктілерді тарта отырып, Талдықорғанда және жақын елді мекендерде іздеу іс-шараларын ұйымдастырды.  

Талдықорған маңындағы Бақтыбай елді мекенінде іздеу салынған адамның көлігі табылды, ол толығымен өртеніп кеткен.

"Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда ашылған жаңа фактілер ескеріле отырып, іздестіру ісі қайта қаралып, Қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) ауыстырылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған Азат Теміртасовтың ерекше белгілері: бойы – 177 сантиметр, қара шашты, қой көзді. Adidas деген жазуы бар спорт күртесін, көк түсті спорт костюмін және қара спорт аяқ киімін киіп кеткен. Оны көрген-білгендер болса, жергілікті полицияға хабарласуына болады.

Жаңалықтар
0