Өңірлер

Қызылордада қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосы пайдасы болды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLАрест, наручники
Арест, наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарастырылып отырған баптарға сәйкес екі жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Қылмыстық істі тергеу шаралары қысқа уақыттың ішінде атқарылды.

Күдіктілердің арасында бір Германия азаматы да бар. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың заңсыз ойын бизнесінен тапқан табысы 800 миллион теңгеден асып түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Бүгінде Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, жалған айғақтар беру бойынша сотқа жіберілді.

Бұл баптарға сәйкес, 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. 

Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотында қаралатын болды.

Жаңалықтар
0