Өңірлер

Қарағандыда балабақша меңгерушісінің заңсыз әрекеті әшкереленді

© REUTERS / BENOIT TESSIERДезинфекция в детском саду
Дезинфекция в детском саду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақша қызметкерлері білім басқармасына ұжымдық шағым түсірді. Меңгерушіні жұмыстан босату туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды қаласында "Айналайын" балабақшасының меңгерушісі жұмыстан шығарылды. Ол қызмет бабын асыра пайдаланған, деп хабарлады "Новый вестник".

Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірді. Олардың айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырған. Ал азық-түлік өнімдері балабақша қоймасынан алынды. 

Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген.

Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсірді. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.

Тағы оқыңыз: Щучинскіде балабақшада түсірілген видео желіні шулатты

Жаңалықтар
0