Өңірлер

Ақтөбелік балгер клиенттің 400 мың теңгесін алдап алған

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАрхивное фото проведения ритуала
Архивное фото проведения ритуала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда ашкөз "экстрасенске" Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе полициясы 400 мың теңгеге "дуаны қайтару" ісін тергеп жатыр, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Бақсы-балгер - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ер адам балгерге сеніп, өзін "дуалаған" әйелді өлтірмек болды
Полицияның мәліметінше, күдікті 40 жастағы сұлулық салонының қызметкерін 400 мың теңгеге (мың долларға жуық) үйіндегі дуаны қайтаруға көндірген. Сенгіш әйел ақшаны бірден "экстрасенске" берген. Дегенмен кейінірек алданғанын түсініп, полицияға арызданған.

35 жастағы күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция "балгер" әйелдің алаяқтық әрекетінен басқа да зардап шегушілердің бар-жоғын тексеріп жатыр.

Жаңалықтар
0