Өңірлер

Бекшин есікті іліп алып, той тойлайтындарға қандай шара қолданылатынын айтты

© REUTERS / Tingshu WangНакрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине
Накрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин талаптарын бұзған кәсіпорын иесімен қатар, тыйым салынған шара өткізуге мекемелерді жалға беретіндер, келушілер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда карантин талаптары сақталмаған нысанға кіру үшін мониторинг топтарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмектесуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мониторинг топтары жұмысын жалғастырады. Талапты жиі бұзатын нысандардың иесіне ескерту жасаймын. Алдағы демалыс пен мереке күні қарсаңында мониторинг топтары жүйелі түрде карантин талаптарын бұзатын нысандарды тексереді", - деді Бекшин.

Карантин талаптарын бұзған кәсіпорын иесімен қатар, тыйым салынған шара өткізуге мекемелерді жалға беретіндер, келушілер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі 

Брифинг барысында Бекшин есікті іліп алып отыратындарға қатысты сұраққа жауап берді. Айтуынша, миониторинг топтары төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін де тексеру жұмыстарына қосады. Себебі олар есікті ашуға көмектеседі.

"Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр, мониторинг топтарына есікті ашуға және карантин талаптары бұзылған нысанға кіруге мүмкіндік беретін арнайы құралдары бар төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қосылуы мүмкін", - деп жауап берді қаланың бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, Алматыда пандемия басталғалы 17 790 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, бірінші тамыздан бастап 1 349 адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0